RU

Алла Пугачева мен Максим Галкин балаларының суретін көрсетті (фото)

Ресейлік жұлдыздар Алла Пугачева мен Максим Галкин егіздерін Филипп Киркоровтің қызының туған күн кешіне алып барды. Осы сәттен соң, Киркоров бүлдіршіндердің суретін  әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

Филипп Киркоров қызының құрметіне орай балаларға арнап ертегі стилінде мереке жасады.

Кішкентай ханшайым Алла-Виктория қонақтарды сәнді балл көйлегімен, басына тиара киіп қарсы алған. Пугачева мен Галкиннің балалары Лиза мен Гарри де осы кеште көңіл көтерді.

Алла-Викторияны құттықтауға атақты жұлдыздар Кристина Орбакайте, Николай Басков, Яна Рудковская, Жасмин, Ани Лорак, Анастасия Стоцкая, Юдашкиндер отбасы, Александр Буйнов және басқа да әртістер келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980214-alla-pugacheva-men-maksim-galkin-balal.html