RU

Алматыда жасырын цех «Dizzy Energy» және «Coca-Cola» сусындарын қолдан жасап келген (фото)

Алматыда «Dizzy Energy» және «Coca-Cola» сусындарын қолдан құйып келген жасырын цех анықталды.

Облыстық экономикалық тергеу қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 50 қорапқа салынған сусын мен 24 бөтел энергетикалық сусын тәркіледі.

Одан бөлек, лимон қышқылы, қант, сироптарда осында жеткізіліп отырған. Бір жыл жұмыс істеп келген заңсыз цех күніне жүзден астам бөтелкеге сапасыз сусын құйып, дүкендерге арзан бағамен таратып отырған.

"Алматы қаласы Жетісу ауданында гараждың ішінде астыртын цех пайда болды. Сол астыртын цехтың ішін қарау кезінде қолдан жасалған пробкалар,сироп, желімдейтін қаптамалар табылды. Қылмыстық кодекстің 198 бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Алматы облысы МКД басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков.

Облыс тұрғындары тұтынып келген контрабандалық заттардың көбі Алматыда анықталып отыр. Тек биылдың өзінде осындай 33 жасырын цех анықталыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980471-almatyda-zhasyryn-cekh-dizzy-energy-zhane-coca-cola-su.html