RU

Түсін өзгертетін көйлек твиттер қолданушыларын жиі толғандырған

Twitter әлеуметтік желісінде 2015 жылы ең көп қозғалған тақырыптар белгілі болды. Биыл Twitter-дегі қауымды ең көп толғанттырған мәселе - британиялық тігіншілер тіккен көйлектің түсі екен.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанның аяғында ғаламторға жарияланған көйлек түсі келушілер арасында қызу пікірталас тудырып, желідегілерді екі жаққа бөліп тастаған еді. Олардың біріншісі көйлек ақ және алтын-сары түстерден құралған десе, екінші жақ көгілдір-күңгірт түсті көріп тұрғандықтарынан ешбір танбады.Сөйтсе, бұл тақырып 26 ақпаннан жиырма жетісіне қараған түні 4,5 миллион рет қайта твиттеліпті.

Ал өмірдің көлеңкелі тұстарына келер болсақ, желіде Париждегі терактілер, Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл, АҚШ-тағы афроамерикалықтардың полицейлер озбырлығына қарсы бас көтеруі, тап осы АҚШ-тағы біржынысты некенің штаттарда жаппай түрде заңды деп танылуы, мигранттық дағдарыс тақырыбы көп рет қозғалды.

Сондай-ақ желіде адамның көңіл-күйі мен эмоцияларын дәл көрсететін болып, эмодзи–смайл танылды. Ал олардың арасындағы ең үздігі көздерінен жас тамшыласа да, күлімсіреп тұрған смайл екен, деп жазады dni.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980791-tusin-ozgertetin-koylek-tvitter-qold.html