RU

Серік Абас-шах Тасмағамбетовке ерекше құттықтау жолдады

Еліміздің танымал продюсері Серік Абас-шах Қорғаныс министрі, саясаткер Иманғали Тасмағамбетовті туған күнімен құттықтап, жыр шумақтарын арнады.

Сынаса күшін, бәс тігіп,

Сұсымен кетер, тасты үгіп.

Отызға отыз қосқан жоқ,

Имекең – нағыз жас жігіт.

Халқым деп жүрген бас тігіп,

Бұл кісі - елге басты үміт.

Он тоғыз асты, қырықтан,

Имекең - әлі жас жігіт.

Жүрекке салып достық із,

Имеке, айттық, тостты біз:

Жасаңыз тағы қырық бір,

Елуге тоғыз қостыңыз!

Он жағында алты қыз,

Сол жағында алты қыз.

Ел қорғайды ер Имаш,

Аман болсын, халқымыз!

Әзіл араластыра жырлаған продюсер бүгін 59 жасқа толып отырған Тасмағамбетовке жүз жасауын тілеп, елдің қорғаны болған қайраткерге халықтың үмітін ақтай беруге ыстық ықыласын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980815-tanymal-prodyuser-imanghali-tasmaghamb.html