RU

Гондурас телеарнасының тікелей эфирінде елес пайда болды

Гондурастың Teleceiba телеарнасында жүрген таңғы эфир кезінде адам сенгісіз жағдай орын алды. Жүргізушілердің алдында тұрған су құйылған стакан аяқ-асты өздігінен қозғала бастаған.

Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер олардың студиясына полтергейст келгеніне сенімді деп хабарлайды Mirror.

Төменде жарияланған кадрлардан жүргізуші Карлос Молинаның алдындағы су құйылған стакан өздігінен қозғала бастағаны көрінеді. Журналистің айтуынша, бұл үрейлі эпизодтан бірнеше секунд бұрын ер кісінің денесі себепсіз тітіркенген.

Молинаның әріптесі Пабло Запата бастапқыда Молинаның сөзіне сенбеген. Кейін жарнама арасында екеуі де стаканның не себепті қозғалғанын білмейтіндерін айтқан.

"Ресми түрде мұның әзіл емес екенін айтамын. Біздің әріптестер бұл жайтқа ешқандай қатыстары жоқтығын айтты. Мен біздің тылсым күшпен бетпе-бет келгенімізге сенімдімін", - дейді Карлос Молина.

"Үстел түп-түзу тұрды, стаканның қозғалуы физика заңдылықтарына қайшы", - деп қосты журналист.

Дегенмен көрермендердің бірі әлдеқайда ақылға қонымды болжам жасаған. Ол стаканның ішкі төменгі бөлігінде түзілген конденсат әйнек қабаттың үстінде сырғуына себепкер болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Сол себепті стакан "сырғып кетті", - дейді аңғарымпаз телекөрермен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980871-gonduras-teledidarynynh-tikeley-efir.html