RU

Шымкенттік бойжеткен тұрмысқа шығар алдында депутаттан ақыл сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны тұрмысқа шығар алдында мәслихат депутатымен ақылдасты.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Облыстық мәслихат депутаты Спандияр Бекжігітов өткізген қоғамдық қабылдауға негізінен дертіне дауа таппай, қиналған жандар келді. Бірі ұлының ауыр дертіне ем іздесе, енді бірі өз денсаулығына алаңдаған.

Мәселен, телефон арқылы сауал жолдаған бейтаныс бойжеткен депутаттан тұрмысқа шығар алдында медициналық тексеруден өту керек пе деп сұрады.

«Жасыңыз 21-де, тұрмыс құрайын деп жатыр екенсіз. Ендеше, медициналық тексеруден өткен жөн. Барлық жағынан... Осылайша, қазақтың санын көбейту керек», - деп жауап берді депутат.

Бойжеткен тұрмысқа шығар алдындағы мәселесін осылай шешуді ұйғарыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980888-shymkenttik-boyzhetken-turmysqa-shyghar.html