RU

Өлім аузындағы атын тас қылып құшақтаған полицейдің суреті желіні дүр сілкіндірді

Америкалық БАҚ көшеде өлім аузындағы атының жанында оны құшақтай жатып, тыныштандыруға тырысқан  офицердің фотосын таратты.

CBS арнасы хабарлағандай, қайғылы жағдай  желтоқсанның басында орын алған. Атты сақшылар көше торуылдауға шыққан. Шарлотта есімді сәйгүлік  цемент тасымалдайтын көліктің шулы дыбысынан үркіп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, сол кезде ол көлік астында қалып, ауыр жарақат алады.

Шарлотта өмірінің соңғы сәтін офицер Эйронның  құшағында өткізді: ер адам өлім аузында жатқан жылқыны мойнынан тас қылып құшақтап, жанына жатып алған.

"Ол жұмысын жақсы білетін және тапсырманы мүлтіксіз орындайтын. Хьюстон тұрғындарына 4 жыл қызмет етті. Шарлоттаның орны ойсырап қалды", - деді Хьюстон полициясының өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980996-olim-auzyndaghy-atyn-tas-qylyp-qushaqta.html