RU

​Қытайға кеткен Қазақстанның бір топ журналисі елге орала алмай отыр

Жұмыс сапарымен Қытайға аттанған бір топ қазақстандық журналист ауа райының қолайсыздығынан жоспарланған уақытта отанына қайта алмай отыр.

2 желтоқсан күні ҚХР-ға жұмыс сапарымен келген он үш журналист 8 желтоқсанда Шанхайдан Үрімшіге ұшып шығуы керек болатын. Жоспар бойынша, олар Алматымен шекаралас қалада түнеп шығып, 9 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 9:15-те Астанаға оралуы тиіс еді.

Алайда Үрімшіде ауа райының қолайсыздығына байланысты Шанхайдан шығатын рейс кешіктіріліп, журналистер рейсті 3 сағаттан артық күтіп қалды. Кейін Үрімшіге ұшып шыққанмен, қала әуежайы ұшақты қабылдай алмағандықтан, Дунхуаға қонуға мәжбүр болды.

Табиғаттың тосын мінезінен Қытайға түрлі мақсатпен сапар шеккен Қазақстанның өзге де азаматтары зардап шегіп отыр.

Қазір Үрімшіге жете алмай қалған жолаушылар әуежай маңындағы жергілікті қонақ үйге орналастырылды. Жерлестеріміздің Дунхуадан қашан ұшып шығатыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/981009-qytaygha-ketken-qazaqstannynh-bir-top.html