RU

Астананың екі тұрғыны отбасымен «ДАИШ» ұйымына қосылуды жоспарлаған

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2015 жылғы 8 желтоқсанда терроризмді насихаттағаны үшін елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сот олардың мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Материал істеріне сүйенсек, жазасын өтеушілер іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сезіне отырып және заңға қайшы екенін біле тұра өз айналасында радикалдық діни идеологияны насихаттап, отбасымен Сирия мен Ирак аумағындағы «ДАИШ» халықаралық террорлық ұйым қатарына кіруді жоспарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/981357-astananynh-eki-turghyny-otbasymen-dai.html