Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде екі жасөспірім қыз баланы өз пәтерлерінде зорлап кетті

Опубликовано:

Жақында Жаңаөзендегі екі жасөспірім қыз өз пәтерлерінде зорланды. Олар есікті көршілеріне ашып қойған деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ювеналды полициясы.

Бұл туралы lada.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысы ювеналды полиция майоры әрі бас инспекторы Эльвира Қасанова барлық дерлік зорлау фактілері жақындардан шығатынын ескертті.

"Барлық дерлік балаларды зорлау қылмыстарына құрбанның жақындары мен таныстары қатысты болып шығады: көршілер, достар, отбасы мүшелері. Ата-аналар балаларына жалғыз болғанда ешкімге есік ашпау керектігін түсіндіруі қажет. Тіпті жақын адам болса да. Жақында Жаңаөзенде екі қыз баланы пәтерінде зорлап кетті. Қылмыскерлер өз көршілері болып шықты. Балалар оған еш күдіксіз өздері есік ашқан. Ал Қарақия ауданында қыз баланы шаңсорғыш сатушысы зорлап кеткен. Ол есік қаққанда жеткіншек оны кіргізе салған", - дейді Эльвира Қасанова.

Соңғы 11 айда өңірде 6 жасөспірім зорланып, үшеуі азғындық әрекеттердің құрбанына айналған. Сонымен қатар, 16 жасқа толмаған 29 жеткіншек жыныстық қатынасқа түскен және кішкентайларды азғырудың 5 фактісі тіркелген.

Ювеналды полицейлер жеткіншектерге педофилдерден қорғанудың нұсқаулығын құрастырып, балалармен түсіндіру шараларын жүргізіп жатқандарын мәлімдеді. Нұсқаулықта балалар көшеде, лифтіде, көлікте және үйде өзін қалай қорғап қала алатыны көрсетілген.

Полицейлер өңірде жыл басынан бері 11 кәмелет жасқа толған бойжеткен балалы болғанын мәлімдеді. Ал соңғы 11 ай ішінде 14 жеткіншек жүкті болып қалған. Олардың үшеуі түсік тастатты. Бас инспектор жүкті болып қалған мектеп оқушыларының дені тұрмысқа шыққанын алға тартты.

"Жаңаөзен, Мұнайлы және Қарақия ауданының, Ақтаудың оқушылары жүкті болып қалған. Олардың дені тұрмысқа шықты", - дейді Эльвира Қасанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/981553-zhanhaozende-eki-zhasospirim-qyz-oz-pate/

pixel