RU

Мұсылмандарға тіл тигізген Дональд Трамп президенттікке таласын тоқтатуы мүмкін

АҚШ Республикалық партиясы президенттікке үміткерсіз қалғалы тұр. Партия атынан түскен кандидат Дональд Трамптың АҚШ-қа мұсылмандарды кіргізбеу туралы ұсынысы сынға ұшырады деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұдан соң Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест Трамптың ұсынысы президенттікке таласу құқығынан айырады деп мәлімдеді.

Бұл саясаткердің мұсылмандарға қарсы алғашқы мәлімдемесі емес. Республикалық бұған дейін билікке қолы жеткен күні сириялық босқындарды елден бездіремін деген-ді. Ал Париждегі лаңкестік оқиғалардан кейін үміткер АҚШ-тағы барлық мешіттерді жабуды ойластыруды ұсынды. Бірақ осы жолы саясаткер артық кеткен сыңайлы. Республикалықтар әріптестерінің қылығына қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

"Президенттің бірінші міндеті - Америка конституциясының мүлтіксіз орындалуының кепілі болу. Ал Трамптың мәлімдемелері конституцияға қайшы. Үміткердің кешегі сөзі - оның президенттікке таласын тоқтататын мәлімдеме. Трамп сайлауалды кампаниясы барысында адамдардың қорқынышын үдетіп, соны өзінің бағдарламасына негіз етті", - дейді Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982093-donald-tramp-prezidenttikke-talasy.html