Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі «Мона Лиза» картинасының астынан тағы бір әйел бейнесі табылды

Опубликовано:

Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» картинасының астында тағы бір сурет бар болуы мүмкін. Француз зерттеушісі, ғалым Паскаль Конте Ол Мона Лиза кескінінің астында флоренциялық жібек сатушының жұбайы Лиза Герардинидің портреті бар деп отыр.

BBC News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лувр қызметкерлері ғалымның бұл тұжырымына қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.

Айта өтейік, Паскаль Конте соңғы 10 жылын «Мона Лиза» картинасын зерттеуге арнаған. Ғалым 2004 жылы шыққан «күшейтілген қабаттар» технологиясын пайдаланып, суретке жарық берген. Жарық түскен кескінді камераға түсірген кезде бояу қабаттары арасындағы қосымша суреттер көрінген.

«Мона Лизаның» астындағы әйел бейнесі қырымен суреттелген. Ол Джоконда сияқты күлімсіремейді, дейді ғалым. Леонардо да Винчи Лиза Джоконданың портретін 1503-1505 жылдар аралығында салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/982152-aygili-mona-liza-kartinasynynh-asty/

pixel