RU

Ағылшындар ауруды 12 сағатқа басатын таңғыш ойлап тапты

Уорик университетінің (Ковентри, Англия) ғалымдары Medherant фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп біраз уақытқа дейін ауыруды басатын таңғыш ойлап тапты, деп хабарлайды NORDENLINE.ru-ге сілтеме жасап bnews.kz.

Егер денеңіздің ауырып тұрған жеріне таңғышты жабыстырып қойсаңыз, 12 сағатқа дейін жаныңыз жай табады. Таңғыш сол уақыт ішінде созылмалы ауруы бар адамдарға жағатын ибупрофенді бөліп отырады.

Ибупрофен – ауыруды басатын ең тиімді дәрі. Бірақ оны көп мөлшерде қолданса, адам ағзасына кері әсерін береді. Ал таңғыш болса ас қорыту жүйесіне түспейтіндіктен, ешқандай қауіп төндірмейді.

Бұған дейін Teva Pharmaceutical атты израилдік компания 4 сағатқа бас ауруын тоқтататын Zecuity таңғышын ойлап тапқан болатын.

Өкінішке қарай, жаңа ибупрофенді таңғыш әзірге сатылымға түспейді. Бұл медициналық жаңалыққа кем дегенде екі жылдан кейін ғана қол жеткізе аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982227-aghylshyndar-aurudy-12-saghatqa-basatyn-ta.html