Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қар барысының жойылып кету қауіпі бар

Опубликовано:

Елде қар барысы жойылып кетуі мүмкін. Мамандардың пайымынша, соңғы 10 жылдың ішінде барыстардың саны едәуір қысқарған, қазір олардың басы 130-дан аспайды.

Осыған орай зоология институты мамандары ақпарат құралдарының басын қосты деп хабарлайды Астана арнасы.

Олар, заңсыз аң аулаушылардың тек барысты ғана емес, ол қоректенетін тұяқты жемтіктерді де атып алып жатқандарына алаңдаулы. Сондай-ақ, Жануарлар институтының зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, таулы аймақтарда туристік нысандар бой көтеріп, барыс мекендейтін аумақ тарылған.

2012-2014 жылдары мемлекет сирек кездесетін қар барысын зерттеу үшін Жануарлар институтына жыл сайын 5 миллион теңге бөліп келген. Ал биыл қаржыландыру болмапты. Сондықтан Қазақ географиялық қоғамы президиумынан көмек сұрап отыр.

"Бізге зоология институтының мамандары ұсыныспен шықты. Оларға 15 дана автоматты бақылау камераларын бердік. Алдағы уақытта барыстарды спутник арқылы бақылау үшін, арнайы құрылғылар бөлінеді. Оның бағасы арзан емес. Біреуі жарты миллион теңге тұрады. Сондай-ақ, ғалымдар іссапарға шықса, оларды көлікпен, тамақпен қамтамасыз етеміз", - дейді Қазақ географиялық қоғамының президиум мүшесі Сергей Бодров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/982435-qazaqstanda-qar-barysynynh-zhoyylyp-ke/

pixel