RU

Шымкентте студенттер отырыс дастарханын жайнатып жасау үшін дүкен тонаған

Шымкентте сауық кешін өткізу үшін ұрлық жасаған студенттер қолға түсті. Үш бозбала дүкенге заңсыз кіріп, кеш дастарханына қажетті азықты тегін алып кетпек болған.

Полицейлердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде олар ұсталып, жоспарланған кештері өтпей қалды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Отырысқа ақша таппай, оңай олжаға ие болуды көздеген үш студент дүкенге шатырдан кіріпті. Алдымен кассадағы ақшаны ұрлап, сосын дастарханға керегін алып, тайып тұрмақ болған. Бірақ оларға жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторлары бөгет жасайды.

Қылмысқа барған жігіттердің жасы — 18де. Өздерін Шымкент университетінің студентіміз деп таныстырды. Одан әрі ештеңе айтқысы келмеген бозбалалар бұл әрекетке не себепті барғандары туралы жұмған ауыздарын ашпады.

Ұсталғандардың қалталарынан тең бөлінген ақша тәркіленді. Кассадан жымқырған қаржы әрқайсысына 11 мың теңгеден бөлініпті.

Қолының сұғы бар студенттердің көзіне түскен дүкен 16-шағынауданда орналасқан. Сондықтан ұсталғандардың қылмысымен Еңбекші полиция бөлімінің мамандары айналысады. Күдіктілердің үстінен қылмысты кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982561-shymkentte-studentter-otyrys-dastarkh.html