RU

Бетіне тірі жәндіктерді жабыстырған Индира Расылхан жұртты дүрліктірді (фото)

Отандық әнші Индира Расылхан да өз сұлулығы үшін ұлулардың көмегіне жүгінді. Жеке парақшасына бетінде жүрген жәндіктердің суретін салған әнші жанкүйерлерін қорықпауға шақырды.

"Осындай әдемі жәндіктер беттің әжімдерін, қара дақтарын кетіреді! Қорықпаңыздар! Бұл ұлу. Бетке өте пайдалы!", - дейді Индира тыңдармандарына.

Ал қызығушылық танытқан кейбір ғаламтор қолданушылары үйіндегі бұрыш-бұрышты сығалап жүретін ұлуларды бет терісіне қолдану жайында әншіден кеңес сұрады.

"Жоқ, олар жәй ұлулар, ал мыналар өздерінен дәрумен бөледі", - дейді Индира Расылхан бетіндегі жәндіктерді меңзеп.

Әртістің бет тазарту әдісін жұртшылыққа жариялағанын әбестік санағандар да желіде өз пікірін білдіруде.

"Теріңізді жасартқаныңызға еш қарсы емеспін. Бірақ, соны жұртқа жария етудің қажеті қанша?", - деп ойын ашық айтқан Элмира Сатыбалдиева есімді қолданушы.

Естеріңізге салайық, жақында танымал әнші Алтынай Жорабаева да бетінде жүрген ұлулардың суретін салып, әлеуметтік желіде сынға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982679-otandyq-anshi-betindegi-zhandiktermen.html