RU

Келіншек тоқал алмақ болған күйеуін миллиондаған ақша беріп, райынан қайтарды

Көп некеге рұқсат берілген  Сауд Арабиясында орын алған оқиғалардың бірі әлеуметтік желіге жүктеліп, тез арада танымалдыққа ие болып үлгерген деп жазады muslim.kz.

Отағасының екінші әйел алуға ниетті екенін білген жұбайы оған қалыңмал құнынан үш есе қаржы ұсынып, райынан қайтуға шақырған.

Сондай-ақ, ол отағасына деген сүйіспеншілігін білдіру мақсатымен бұл ұсынысын әдемі түрде жеткізген. Үй ішін безендіріп, сүйіктісіне арнап торт пісірген ол 90 мың риал (24 мың доллар) қаржы сыйлық ретінде үстел үстіне қойған.

Осылайша, әйеліне риза болған отағасы тоқал алудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982804-kelinshek-toqal-almaq-bolghan-kuyeuin-m.html