RU

LG V10 – шексіз мүмкіндіктер смартфоны

Қос экран және көлемді фото түсіру мүмкіндігі – жаңа LG V10 смартфоны артықшылықтарының тек аз ғана бөлігі. Дыбысты және бейнені жазудың тамаша мүмкіндігі, көпфункционалдылығы және қайталанбас дизайны LG V10-ды өз саралымында көшбасшы етеді.

Креативті тұрғыда құрастырылған V10 көптеген инновациялық функцияларға ие. Екінші экран, бірегей камера және қолмен бейне түсіру режимі бұл смартфонды пайдалануда епті әрі тиімді етеді. V10-ның көптеген мультимедиялық функциялары тұтынушыны ешқашан зеріктірмейді. Гаджеттің корпусы смартфонды құлағанда немесе басқа жағдайда сынудан сақтайтын жоғары сапалы тот баспайтын болаттан және силикон қаптамадан жасалған.

Анықтығы 2560 x 1140 және тығыздығы бір дюймде 513 пиксель 5,7 дюйм диагональді QHD IPS Quantum дисплейі іс жүзіндегі бейнелердің түс және реңк байлығын тамаша көрсете алады. Негізгі дисплейдің үстінде әрдайым іске қосулы екінші диплей орналасқан. Бір ғана свайп арқылы тұтынушы Wi-Fi, дыбыссыз режим, жарқыл және камера секілді ең пайдалы құралдар панелі - Quick Tools-ке бірден өте алады. Басты дисплей қосылып тұрғанда, қосалқысы қосымшалар, байланыс нөмірлері, плеер немесе келіп түскен хабарламалар арасында оңай ауысып отыруға мүмкіндік беретін мультифункционалды панельді ашады.

5 Мп анықтығы бар фронтальді камерамен жабдықталған LG V10 смартфоны 80-градустық қарапайым селфи түсіруге де, камераның селкілдеуі қаупін тудыратын панорама режиміне ауыспастан-ақ кеңбұрышты топтасқан (бұрышы 120 градус) селфи түсіруге де мүмкіндік береді.

Енді Сіз «ым-қимылмен түсіру» функциясын пайдалана отырып, барлық достарыңыздың керемет суретін жасай аласыз.

Сонымен қатар LG V10 видео түсіруге және өңдеуге арналған жаңа опциялармен жабдықталған. Бұл қолмен бейне түсіру режимі бар алғашқы смартфон. Қолданушылар ысырма жылдамдығын, ISO кадр жиілігін, ақ түс балансын және түсірілім барысындағы бұлдырауды реттеу арқылы кәсіби сападағы бейнесюжеттерді жасай алады. Бейне үш анықтықта: HD, FHD немесе UHD және де стандарты (16:9) немесе кинематографиялық (21:9) екі жақтық арақатынаста түсіріледі.

LG V10 Qualcomm Snapdragon 808 алты ядролы процессормен, Micro SD картаға арналған слоты бар 4 ГБ оперативті және 64 ГБ тұрақты жадымен жабдықталған.

Кәсіби бейне түсірумен қатар Steady Record - сапалы дыбыс жазу функциясы қосылған. Онда түсірілім барысында қалтырауды болдырмайтын, соның арқасында анық бейнекадр алуға мүмкіндік беретін бейнені электронды тұрақтандырғыш (EIS) қолданылады. Snap Video режимі – бір бейнесюжет жасау, біршене қысқа бейнероликтерді қыстырады.

15 секундтық жазбаларды автоматты түрде редакциялау функциясы: автоматты түрде бұлыңғыр кадрларды және статикалық көріністерді алып тастау арқылы қысқа бейнеклип жасап Сіздің Инстаграмдағы немесе басқа да әлеуметтік желілердегі лентаңызды қызықты сюжеттермен әрлеуге мүмкіндік береді. LG V10 смартфонымен өзіңіз үшін жаңа мультимедиялық мүмкіндіктер ашыңыз.

*Жарнама  құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/982902-lg-v10-sheksiz-mumkindikter-smartfony.html