RU

Жұбайына хиджаб кигізетін қазақстандық жұлдыздар кім?

Ислам дінінде мұсылмандарға жүктелген бес парыздың бірі намаз ерекше әрекеттер мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат болып саналады. Отандық танымал тұлғалар арасында да күніне бес рет Аллаға дұға бағыштап, құлшылық жасайтындар аз емес. Тіпті, соңғы кезде қоғам арасында түйіні тарқамаған даулы мәселеге айналған хиджаб кию үрдісін ұстанатын әртістер де бар екен. NUR.KZ  дін жолына бет бұрып, бес уақыт намаз оқитын өнер иелерін назарларыңызға ұсынады.

Айдар Тұрғанбек

"Жігіттер" тобының белгілі әншісі Айдар Тұрғанбек мұсылман қауымына міндет етілген бес парыздың бірі намазды оқып қана қоймай, жұбайы мен анасының хиджаб кигенін жөн санайды. Сахнада көңілді көрінген Айдар өмірде сабырлы екенін байқатып, отбасы жайлы сыр бөліскенді аса ұнатпайды. Тіпті әйелінің суретін әлеуметтік желілерде мүлдем жүктемейтін көрінеді.

Ердос Қанаев

"Жігіттер" тобының тағы бір солисі Ердос Қанаев та әрдайым әйелінің орамал тағып, ұзын киім кигенін қалайды. Жеке өмірі жайлы көп айтпайтын әнші бес мезгіл намазын қаза қылмауға тырысады.

Алтынай Жорабаева

2011 жылы танымал әнші Алтынай Жорабаева жүрек қалауымен, біршама уақыт дайындықпен намаз оқи бастағанын халыққа жария еткен болатын.

Намазға жығылуына досы түрткі болған Алтынай хиджаб киіп, жұртшылықты таңғалдырғаны жасырын емес. Десек те, әншінің бұл өзгерісі көпке ұзамай, Жорабаева бұрынғы қалпына қайта келген.

"Маған хиджаб киіп суретке түсуге отандық басылымдардың бірі ұсыныс жасады. Бар болғаны сол.", - деген еді әнші өз сөзінде.

Бейбіт Сейдуәлиева мен Тоқтар Серік

Халықтың сүйікті әншілеріне айналған Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлиева қазірде сахнадан сирек көрінеді. Бір кездері Бейбіт те хиджаб киіп, жұрт назарын өзіне бірден аудартқан болса, бүгінде әнші орамалын қайта шешіп, тек ұзын көйлекпен өнер көрсетіп жүр.

Ролан Қазрет

"Меломен" тобының солисі Ролан Қазрет те мұсылмандық шартын орындап жүрген әншілердің қатарынан және жұбайының хиджаб кигенін қош көретін әртіс.

Бейбіт Көшқалиев

KZ тобының экс-солисі, жас әнші Бейбіт Көшқалиев шығармашылығын шыңдаумен қатар, мұсылмандық парызын өтеп, намаз оқиды. Әнші өзінің болашақ жары ретінде діни дәріс оқитын ұстазын таңдаған. Хиджаб киген бойжеткенге Бейбіт бір көргеннен ессіз ғашық болған.

Мейрамбек Беспаев

2008 жылы танымал әртістер Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болманов қасиетті Меккеге сапарға аттанған болатын. Халық арасында сол жылдары қатты сырқаттанған Беспаев құлшылық мекеніне Алладан шипа сұрап, тәу етуге барған деседі. Елге оралған соң, Беспаев бес мезгіл намазға жығылды.

Абай Бегей

Тыңдармандарын "аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деп шыр билетіп жүрген әнші Абай Бегей де мұсылмандық парызын күнде өтеп, намазын үзбеуге тырысады.

Бекболат Тілеухан

Ұлт жанашыры, жыршы Бекболат Тілеухан намазын оқудан бөлек, дін шарапатын қоғамға насихаттап жүрген белгілі азаматтардың бірі. Қоғам қайраткерінің жұбайлары намаз оқып, жабық киініп жүреді.

Мұхамеджан Тазабеков

"Асыл арна" телеарнасының басшысы, ақын Мұхамеджан Тазабеков бес парызын бірдей өтеп, халыққа діни уағыздарын айтып, жастарды дін жолына үгіттейтін бірден-бір тұлға.

Рүстем Қайыртайұлы

Айтыскер ақындар үшін сақал қойып, намаз оқу қалыпты үрдіске айналғаны баршаға аян. Жас ақын Рүстем Қайыртайұлы мұсылмандық міндетін орындап, намазға жығылған жігіттердің бірі.

Балғынбек Имашев

Ақын Балғынбек Имашев намаз оқып, уағызын жастарға айтудан жалықпайтын тұлғалардың бірі. Айтыскердің сырт болмысы, шапаны, қазақы киімі мұсылмандықтың жарқын үлгісін танытады.

Мәдина Сәдуақасова

Әнші Мәдина Сәдуақасова орамал тағып, жанкүйерлеріне жұма сайын қасиетті күннің қабыл болуын тілейді.

Индира Расылхан

Әнші Индира Расылхан да бір кездері хиджаб тағып, қайта шешкен әртістердің бірі. Қазірде әнші сахнада қысқа жең көйлекпен өнер көрсетеді, күнделікті өмірде де бұрынғы қалпынша киініп жүреді.

Жұлдыз Өмірғали

"Кешью" тобының белгілі әншісі Жұлдыз Өмірғали әлеуметтік желіге орамал тағып, бір қарағанда хиджаб сияқты көрінетін бейнесін жариялағаннан кейін жазылушылардың сынына ұшыраған еді.

Гүлнәз Жоланова

Актриса Гүлнәз Жоланова да орамал таққан суретін әркез жанкүйерлерімен бөлісіп, жанкүйрелердің пікірін білгенді ұнатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983115-namaz-oqityn-zhuldyzdar.html