RU

Қазақ эстрадасының жұлдыздары қолға күрек алып, қоқыс тазалауға шықты (фото)

Әншілер жаппай қоқыс тазалауға шықты. Cахнада жүріп үйреніп қалған мырзалар мен ханымдар "Қала тазалығын сақтауды өзіңнен баста" акциясына келген.

Бұл жолы олар кейде жанды, кейде жансыз дауыста жырлайтын микрофондарын Жетісу ауданын тазалау үшін күрекке ауыстырды.

"Негізгі мақсат - халықты тазалық сақтауға шақыру",- дейді ұйымдастырушылар.

"Алматымыз таза болғаны өзімізге жақсы. Жастарымыз тазалыққа үйір болса деген ниетпен осындай шаралар көп жасалса игі",- деді әнші Талғат Жорабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983387-qazaq-estradasynynh-zhuldyzdary-qolda.html