RU

Жазушы Әбіш Кекілбаев дүниеден өтті

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден өтті.

Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

"Халқымыз аса ауыр қайғыға душар болды. Әбіш Кекілбаев өмірден өтті. Саналы адамға бұл қазаның салмағын саралап жату артық. Әр қазаққа, барша отандастарымызға көңіл айтамыз", - делінген басылымның сайтында.

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан).

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983667-zhazushy-abish-kekilbaev-dunieden-otti.html