RU

Хиджабтағы әйелдің суретін салғандардың басы дауға қалды (фото)

Швеция мемлекетінің Мальма қаласындағы ірі сауда орталығының сыртына салынған хиджабтағы әйел суреті тұрғындар арасында дау туғызды деп жазады muslim.kz.

Суретшілер бұл туындыларын жергілікті халықтың көп ұлтты әрі алуан түрлі мәдениет өкілдері екенін көрсетпек мақсатында cалғандарын айтады.

Алайда, тапсырыс берушілер хиджабтағы әйел суретін алып тастауды бұйырған. Аталмыш шешім қоғамдық дау туғызған. Кейінірек сауда орталығының басшылығы болған оқиға байланысты кешірім сұраған көрінеді. Ал, суретшілер болса, суреттің еш өзгертілмегенін қалайтындарын айтып отыр. Ида Тадич есімді суретші өзінің және әріптестерінің бұл сурет арқылы бұл қалада кімдер тұратынын көрсеткісі келгендерін жеткізеді.

«Біз осы сурет арқылы бұл қалада кімдер тұратынын көрсеткіміз келді. Ал, қалада қазіргі уақытта шариғат талаптарына сай киінген қыз-келіншектеріміз өте көп. Біз олардың өзгелерден бөлектегіміз келмейді. Олар да біздің қоғамның мүшелері. Дегенмен, кейбір жандар біздің суретімізді сынап-мінеуден жалығатын емес», – дейді Ида Тадич.

Аталмыш суретті даттаушылармен қатар, мақтаушылардың да қатары қалың көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983800-khidzhabtaghy-ayeldinh-suretin-salghanda.html