RU

Атырау облысының әкімі Батыс Қазақстанның құрметті азаматы атанды

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілді.

Бұл туралы mgorod.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Кәсіби мұнайшылығымен, іскер ұйымдастырушылығымен танылған мемлекетшіл азамат Бақтықожа Ізмұхамбетовтің көршілес Батыс Қазақстан облысының экономикалық-әлеуметтік дамуында да айтарлықтай  үлесі бар.

Ол  2008-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымын атқарды. Енді міне, соңғы үш жылдан бері  бері Атырау облысын басқаратын Бақтықожа Ізмұхамбетов  Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанып отыр.

Көршілес облыс мәслихатының депутаттары оған осынау құрметті азамат атағын беру ұсынысына бірауыздан қолдау білдіріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983911-atyrau-oblysynynh-akimi-batys-qazaqst.html