RU

Тыңдармандарына ренжіген Бүркіттің жылағысы келді

 

Танымал әнші Бүркіт өзге эстрада жұлдыздарымен көше тазартып, қоқыс тазалаған суреттерін әлеуметтік желіге жүктеген соң, тыңдармандар тарапынан қарша бораған теріс пікірлердің астында қалды.

Әртістердің сыртқы келбетін сөз еткендер жұлдыздардың түгін қалдырмай, басынан бақайына шейін не киіп келгенін талқылап, әншілердің көшеге өз еркімен емес, біреудің күштеуімен шыққанын да топшылады.

Кейбір желі жазылушылары Бүркіттің аяқ-киімі тап-таза болып тұрғанына сүйеніп, жұмыс жасағанына күмәнданса, енді біреулер әртістердің құндыз тонына тиісті.

 

"Қаншама теріс пікірлер жазып жатырсыздар! Ұят-ай! Мен қатты ұялып отырмын сіздер үшін. 30 минут болса да, мына суреттегі адамдар, қандай киім киіп келсе де, қыздар боянып келсе де, ешкімге ешқандай қарызы жоқ, біреулердің көшесіндегі қоқым-соқымдарды сыпыртқы мен күрек алып тазартып кетті", - дейді Бүркіт ғаламтор қолданушыларына.

"Адамдарға жақсылық жасап, ризашылығын алып кеткен пенделер бұл. Ал сіздер үйлеріңізде отырып алып, біреулерді жамандаудан немесе сын айтудан жалыкпайсыңдар. Ұят екен. Жылағым келіп отыр", - деп жалғастырды сөзін әнші.

Әншілерді қоқыс жинауға ешкім қинап апармағанын айтқан Бүркіт тыңдармандардың осы іске де татымай тұрғанын тілге тиек етті.

Сөз соңында, отандық әнші қазақ халқының ұнамсыз қылыққа бармайтынына, ондай еместігіне қатты сенетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/983992-tynhdarmandaryna-renzhigen-burkit-zhyl.html