RU

Григорий Лепстің Алматыда өткізілген концертінде Құранның аяттары қойылды

Григорий Лепстің Алматыда өткен концертінде әнші “Біздің әкеміз” атты діни құлшылық жолдарын оқығанннан кейін көрермендерге Құранның аяттары қойылды.

Соңғы кездері Лепстің  “Адам не істей алады? Жалғыз ғана адам? Ол соғыссыз бір ғана адым аттай алады. Барлық әлем солай жасаса ше?” деп келетін әні жанкүйерлердің жүрегін бірден жаулап алды.

Қазақстандық жанкүйерлердің алдында өнер көрсеткен Лепс өзінің ең өтімді хит әндерін концерт соңына қалдырыпты. Атақты «Рюмка водки на столе» әнін көпшілік тек концерт соңында тыңдады.

Аталмыш туынды ән кешінде ең соңғы шырқалатын болып жоспарланған. Алайда, тыңдармандардың тарап жатқанын байқаған Лепс «Самый лучший день», «Я стану водопадом» әндерін шырқап кетті.

Концерт барысында әнші автограф сұраған жұртқа өзінің жазу танымайтынын айтып таңғалдырды.

Григорий Лепс ресейлік шоу-бизнесте өзінің ашық-жарқындығымен, есерсоқтығымен де есте қалған. Мәселен, “Мен сені сүйем” әніндегі “Әлем мені жалықтырғанда, барар жерім бар” деген жолдарды “Әлем мені жалықтырғанда…” деп өзгертілген. Көп нүктенің орнына балағат сөз айтылған.

Сондай-ақ, Лепстің “Бәрі арақ ішуге болмайды дейді, мен болады деймін” деген өзіндік ұранды әні де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/984212-grigoriy-lepstinh-almatyda-otkizilge.html