RU

Берлинде мешіт-синагога-шіркеу үшеуін біріктірген «Ортақ үй» салынады

Германия астанасы Берлин қаласында бұрын-соңды болмаған құлшылық ордасы тұрғызылмақ. «Ортақ үй» деп аталатын құлшылық ордасында ислам, христиан және иудейлік дін өкілдерінің ғибадатханасы орналасатын болады.

Ғимарат XIII ғасырда тұрғызылған көне шіркеудің орнына салынбақшы. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, «Ортақ үй» идеясы мұсылмандардың да, христиандардың да, иудейлердің де сыйынған құдайлары айналып келгенде Бір Жаратушы екеніне меңзейді.

«Ғимаратқа кірген адам ары қарай қай жаққа баратынын өзі таңдайды», - дейді жоба басшысы Фритьоф Тимм.

Жобаның жалпы құны 42 млн евроны құрап отыр, деп жазады muslim.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/985161-berlinde-meshit-sinagoga-shirkeu-usheui.html