RU

Әбіш Кекілбайұлы Ұлттық пантеонға жерленеді

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының жаназасы 13 желтоқсан күні сағат 09.00-де Астана қаласындағы "Нұр-Астана" мешітінде шығарылады.

Сағат 10.00-де "Көрме" кешенінде ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді. Сүйегі Ұлттық пантеонға қойылады. 13 желтоқсан күні жерлеу рәсімінен кейін 13.00-де Тұран мейрамханасында ас беріледі.

Ал бүгін, 12 желтоқсанда алыс-жақыннан келген адамдарға сағат 19.00-де Әзірет Сұлтан мешітінде қонақасы беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/985180-abish-kekilbayuly-ulttyq-panteongha-zhe.html