RU

Алматы облысында Жақсылық Үшкемпіров өз қаражатына балабақша мен жатақхана ашты (фото)

Алматы облысындағы Мыңбай ауылында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтің қаражатына салынған балабақша ресми түрде ашылды.

Бұл туралы  STAN.KZ хабарлайды

400 шаршы метр аумақты қамтитын балабақша 100-ге жуық бүлдіршінді қабылдай алады. Сонымен қатар, Жақсылық Әмірәұлы жас отбасылар мен жағдайы төмен ауыл тұрғындарына арналған жатақхананың кілтін пәтер иелеріне табыс етті.

Еске сала кетейік, көп қабатты тұрғын үйде тұрам деушілер айына 12 мың теңге көлемінде қаражат төлеп тұрады екен. Ал салтанатты жиынға ауыл тұрғындарымен қатар, аудан, облыс басышлары, өнер мен спорт майталмандары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/985371-almaty-oblysynda-zhaqsylyq-ushkempiro.html