Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбіш Кекілбаевтің ел есінде қалған 10 нақыл сөзі

Опубликовано:

76 жасында өмірден өткен Қазақстанның халық жазушысы мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің ел есінде қалған 10 нақыл сөзін gonzo.kz назарларыңызға ұсынады.

1. Ақиқаттың мекені – жүрек. Оған мына кеңістіктің бетінде бардың бәрі сияды. Құдірет жетсе, ерен болмысты түгел сыйғызып алуға болады.

2. Өмір құбылыстарына психологтің көзімен қарайтын адам ең алдымен сол құбылыстың барша озғыны мен тозғынын, кемелдігі мен келеңсіздігін көре білетін кейіпкерді табуы, тануы қажет.

3. Жазушының, ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына да бірдей ұмтылған өзгеше еңбегінің жалғыз-ақ өлшемі бар. Ол – оның адам жүрегіне қаншалықты жақындай алғаны.

4. Өткенге әртүрлі қарауға болады. Өткенге өскенді дәлелдеп қарау бар да, өшкенді дәлелдеп қарау бар. Тарихқа өткенде мынандай керемет едік деп қарайтын көз ұлтшылдықтың сырқаты. Ал, енді өткеннің бәрін қу тақырға жорып, қуратып қоятын бір көзқарас тағы бар. Ол адамзаттың ежелгі тарихын айналасы бес-алты ұлттың еншісіне беріп, өзгені шөміштен қысатын шовинистердің жанына майдай жағады. Тарихқа деген шын көзқарасқа бұлардың екеуі де атымен жат.

4. Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.

5. Тарих қанмен жазылып қанмен түзетіледі.

6.Өмір бойы алысып-жұлысып жүріп пысықайлықпен табылатын өтірік даңқ араға жыл түспей жатып, көшкен жұрттағы күл төккен төмпектей жермен-жексен шөгіп, жұтап шыға келеді.

7. Өмір сүйген ақын азаматтық ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл көргендей шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты па қаншалықты парасатты бейнелейді. Бұл құбылыс – оның дара таланты.

8. Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

9. Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуым мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/985414-abish-kekilbaevtinh-el-esinde-qalghan-10-na/

pixel