RU

Айсұлтан Назарбаев өмірден өткен әкесі туралы ағынан жарылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев 10 желтоқсанда өмірден өткен әкесі Рахат Әлиевті еске алып, ол туралы ойларымен өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Жақында менің көзіме Бұқар жыраудың айтқан бір нақыл сөзі шалынды (Абылай ханның кеңесшісі): Әкелі бала - жау жүрек, әкесіз бала - сұм жүрек. Өз әкесін мойындаған адам - батыл. Өз әкесінен безген адам - зұлым.

Кейбір жағдайларға байланысты 10 желтоқсан күні мен осы сөздерді оқыдым. Сол күні менің әкем Рахат Әлиев өзінің 53 жасын қарсы алар ма еді, алайда, өкінішке қарай Алланың өзге жоспарлары болыпты. Ол өте қарапайым адам болатын, алайда өмір деген қиын дүние. Онда бәрі қара немесе ақ болуы мүмкін. Өмірдің мәні - ерекшелігі мен өзгешелгінде. Маған жақсы тәрбие берді, өсірді, оқытты, дәл сол адам менің футбол мен спортқа деген махаббатымды оятқан, сондықтан да мен оны әрқашан тек жақсы әке ретінде еске аламын. Қандай жағдай болмасын, өз әкесінің ұлы ретінде мен оған тек алғыс айтамын.

Кейде мен ол туралы әртүрлі нәрселерді оқимын. Оны сыйлаған және жақсы көрген адамдар бар, және әлі күнге дейін көргісі келмейтін де адамдар бар. Мен Алладан қорқатын адам ретінде ешкімді сөкпеймін, ерте ме, кеш пе бәріміз соның алдына барамыз, сонда әркім өзінің шындығына қарай жауап береді. Біреуді сөгу - әркім көтере білмейтін өте ауыр салмақ. Тіпті президент өткенін еске алып отырып, әкемнің тағдырына қатысты шешім қабылдағанда қатты қиналғанын айтты. Мен атамның бойындағы батылдық пен жігерлілікке таңданамын. Көп адам біле бермейді, ол менің әкемнің орнын алмастырып, қайратты жүрек пен парасатты ақыл арқылы өмір сүруге үйреткенін. Мен ойлаймын осының арқасында шындықтан қорықпай, өз арымнан ұялмай, мен өзіммен өзім болуды үйрендім. Ол мені шынайы өмір және өз үндестігіммен өмір сүруге үйретті.

Көпшіліктің алдында өзімнің ертеңім үшін әкемнен теріс айналуым керек деген пікір айтқан менің өмірімде кеңесшілер де болды. Өкінішті, егер ондай адамдардың жаны болмаса ондай адамдар қалай өмір сүреді? Мен өз әкемнен теріс айналуды ешқашан да ойлаған емеспін. Себебі, анаммен маған өмір сыйлаған адам - менің әкем екенін ешкім де, ештеңе де өзгерте алмайды.

Мен қандай да бір жеке мақсаттар үшін немесе қандай да бір мансап үшін одан бас тартпақ емеспін. Өмірді сүріп және өмірімнің соңына дейін өз-өзіне адал болып қалудан асқан мансап жоқ. Менің бұл дүниеде қатты қорқатын нәрсем көп, жылдардан кейін оянып, өзімді жоғалтып алғанымды сезіну. Дәл сондай адамдардың осы өмірде де, ана өмірде де бақыты мен тыныштығы болмайды.

10 желтоқсан күні әкемді тек жақсы ойлармен еске алдым. Менің жүрегімде дәл сол сәтте ешқандай зұлымдық болған жоқ. Тек жылы сезімдер мен тек көкте ғана көрісетініміз жайлы аздаған өкініш болды. Мен өмірден өткендер туралы жақсылығын ғана айту керек деп айтып кеткен адам өте дана кісі болған деп санаймын. Адамнан хайуанға айналып кетпеудің жақсы жолы. Қазір менің де отбасым бар, ИншАлла балаларым да болады. Менің тағдырым қандай боларын білмеймін, бірақ бәрінен бұрын ұлым немесе ұлдарым мені дәл солай, ештеңеге қарамастан, құрметпен еске алып отырғанын қалаймын. Сол кезде мен, тіпті аспанда оларға Бұқар жыраудың өзі "сендер нағыз ерсіңдер - мақтан тұтамын" деген сөздерімен қарап тұра аламын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айсұлтан Назарбаев өмірден өткен әкесі туралы ағынан жарылды
Mailfire view pixel