RU

Ғалымдар артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілін атады

Женева Университетінің ғылыми қызметкерлері артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілін анықтады.

Арықтау үшін қыс мезгілі қолайлы екен. Зертханада егеуқұйрықтардың көмегімен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай пайымға келді.

Осылайша, +6-тен +10 градус аралығында Цельсия температурасында кемірушілер салмақтан екі есе көп арылған. Бұл суық кезде семірумен байланысты микроорганизмдердің жойылуы салдарынан болады екен. Сондай-ақ қыста арықтауға көмектесетін арнайы гормондар бөлінеді.

Бұл тәжірибе негізінде ғалымдар арықтау үшін қолайлы кезең қыс мезгілі деген тоқтамға келді. Бұл үшін спортзалдарға барудың қажеті жоқ. Таза ауаны жұтып серуендеуге көп уақыт бөлген жеткілікті, деп жазды informing.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/985907-ghalymdar-artyq-salmaqtan-arylu-ushin-q.html