Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Өзінің сүйікті жұмысын тапқан адам бақытты

Опубликовано:

Қазақстан телеарналарына сұхбат берген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазір баланы бейіміне қарай оқыту керек дейді.

"Ойлап қарасақ, Кеңес одағы кезінде қазақтың балаларын өндіріске жібермеді. Мен өндірісте жүрдім, сонда ойланамын, жалақысы жақсы жерде, мамандық жақсы жерде қазақтың балалары болған жоқ. Жаңа Өскемендегі, Павлодардағы зауыттарға барған кезде қазақтың балалары енді келіп жатқанын байқаймын. Бұдан бөлек, қазір солтүстіктегі жұмыскер мамандарды оқытатын оқу орындарында жұмыс таба алмай жүрген оңтүстіктің балаларын шақырып, оқытып жатырмыз. Өткенде айтқанымдай, бірінші  мамандықты мемлекет тегін береді. Елдің барлығы университет бітіре алмайды, оның үстіне, дүниенің барлығы жұмысшы адамның қолында. Ол жұмысшы адам өз саласының нағыз шебері болса, табысы да жоғары болады.  Бір мамандық ал да сол жерде қал деп отырған жоқпын. Ер бала болсын, қыз бала болсын, бірінші мамандығы қолында жүреді. Нан таба алады. Одан кейін барып университетке түсіп, ары қарай өсуіне мүмкіндік болады", - дейді Назарбаев

Елбасы атап өткендей, баланы бейіміне қарай оқытса, ол өмірдегі дара жолын өзі-ақ табады.

"Балаға қазіргі заманға сай білім беруге талпыну керек. Сонда жолы ашылып, өз жолын өзі табады. Əрине, таланты бар болса, бала кезінен математикаға, биологияға бейімделген болса, қай жерге дейін барады екен деп, соны демеп жіберу керек. Мысалы, спортта да баланы спорттың əр түріне беріп көру керек, қай түрге бейімі бар болса, сол жолмен жүреді. Өзінің сүйікті жұмысын тапқан адам бақытты.  Жұмысқа таңертең оянып, қуана барасың, жұмыстың соңында шаршап-шалдықпай, оралады", - деген елбасы сұхбат алып отырған журналист Ерлан Игісінов пен Бейсен Құранбекке журналистердің де жұмысы сондай шығар деген ойын қалжыңмен жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/986002-nazarbaev-ozininh-suyikti-zhumysyn-tap/

pixel