RU

Көкшетауда көлік авто жуу ғимаратына соғылып, жүргізуші ажал құшты

Көкшетаудың Щучье қаласында Skoda Rapid жеңіл көлігі авто жуу ғимаратына соғылып, 24 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Келеңсіз жағдай 13-ші желтоқсан күні түнгі уақыт 01:01 минут шамасында Щучье қаласында орын алған. Рабочая көшесінің бойымен  келе жатқан Skoda Rapid жеңіл көлігі «Авангард» көлік жуу ғимаратына соғылған. Осының салдарынан аталған көліктің 24 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнына ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 3 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды, деп көрсетілген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986122-kokshetauda-kolik-avto-zhuu-ghimaratyna.html