Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирас пен Құралайдың үлкен қызы телефонның кесірінен өртеніп кете жаздады

Опубликовано:

Жақында отандық танымал әншілер Мирас пен Құралайдың үйінде қыздары өртке күйіп қала жаздады. Тілсіз жау қуат көзіне қойылған телефонның сымынан тұтанған.

Жуырда ғана әнші Құралай қыз босанып, сәбиін перзентханадан шығарып алған күні түнде отбасының шаңырағында оқыс оқиға орын алды, деп жазады shyn.kz.

Балалар жатқан бөлмеден шыққан күйіктің иісінен отағасы Мирас оянып кеткен. 6-сыныпта оқитын қызы жатқан төсектің аяқ жағы жана бастағанын көріп, қатты үрейленген Мирас қызын төсектен жұлып алып, есікке қарай лақтырып жіберген.

Әбден шошынып қалған жұлдызды отбасы құдай сақтап, бәрі аман-есен аяқталғанын айтады. Мирас өртті дереу сөндіру үшін қызын есікке қарай лақтырған кезде қызының аяғы сәл ауырсынып қалған. Бірақ, жеткіншекке ешбір зиян келмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/986220-miras-pen-quralaydynh-ulken-qyzy-telef/

pixel