RU

Отандық ғалымдар жасартатын бірегей қоспа ойлап тапты

Алматылық ғалымдар агроөнеркәсіп саласында тың жаңалық ашты. Олар опа-далап жасауға кәдуілгі бидайдың өзегін пайдалануды ұсынып отыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ғалымдар бидайдың өзегінде ағзаға қажетті ақуыз бен майлардың мөлшері көп екенін анықтаған.

Жоғары сұрыпты ет және сүт өнімдерін жасауда кәдуілгі бидайдың өзегі таптырмас қоспа екен. Себебі онда ағзаға қажетті дәрумендер өте көп. Десек те, бидайды өңдеу кезінде бұл қоспа жарамсыз және оны жем ретінде пайдаланады жұрт. Сонымен қатар, аталмыш өнім опа- далап жасауға да таптырмас шикізат көрінеді.

«Қазақстан қазір дәнді дақыл өндіру тұрғысында алдыңғы орында. 10 тоннаға жуық ұнды экспортқа шығарамыз. Бірақ бидайды өңдеу барысында оның өзегі есепке алынбайды. Себебі ол ұнның сапасына кері әсерін тигізеді. Ал, оның басқа салаға тигізер пайдасы көл-көсір. Мысалы ондағы ағуыздың мөлшері етте кездесетін ақуыздан кем емес, ал құрамындағы май жасартатын қабілетке ие», - деді ҚР ҰҒА академигі, институт бөлімінің меңгерушісі Үрішбай Шоманов.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986344-otandyq-ghalymdar-zhasartatyn-biregey.html