RU

Назарбаев: Қазақстандықтар Айымбетовтің ғарышта не істегенін әлі күнге дейін білмейді

Қазақстандықтар Айдын Айымбетовтің ғарышта шын мәнісінде не істегенін білмейді, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің биыл үшінші ғарышкерімізді ғарышқа жебіргеніміз туралы. Олардың ғарышта не істейтіндері туралы, әзірге адамдарға түсініксіз, сонда да оларға атақ бердік. Олар не істегендерін көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Назарбаев дүйсенбіде әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау салтанатында.

«Ештемеге қарамастан, кез келген марапаттау (...) жастарды сіздер жеткен жетістіктерге жетуге құлшындыратын болады», - деп атап өткен сөзін ҚазТаг келтірді.

Еске сала кестек, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан космосқа қыркүйектің 2-күні ұшып, 10 күннен кейін қайта оралған. Ашық космосқа шықпаса да, бірқатар ғылыми зерттеулер жасады.

Кейін елбасы Айдын Айымбетовке көрсеткен ерлігі үшін «Халық Қаһарманы» атағын берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986407-nazarbaev-qazaqstandyqtar-ayymbeto.html