RU

Президент: Үйінділерде Қазақстанның «екінші байлығы» жатыр

Үйінділерде Қазақстанның «екінші байлығы» жатыр. Ақордада әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы табыстау рәсімінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Әрине, біздің жер қойнауымыз өте бай. Миллиондаған тонна кен қазып алдық. Бірақ, үйінділерде, қорларда жатқан қаза байлығы да мол. Уақыты келгенде біз оларды да қайта өңдейтін боламыз. Оны жақсы білемін, ол менің кеңес заманында Мәскеуде қорғаған докторлық дисертациям болатын. Тек Соколов-Сарыбай комбинатының үйінділерінде жүздеген миллион тонна темір, ванадий, вольфрам сынды қазбалар бар. Ал Екібастұз үйінділерінде алюминий тотығы бар. Біз кейін оны өндіретін боламыз», -  деді Назарбаев.

Елбасы «ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ұжымын бүгінгі сыйлықтарымен құттықтай келе, олардың зор іс тындырып жатқанын баса айтты. Өйткені, кен үйінділерінде Қазақстанның «екінші байлығы» жатқанын атап өтті.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986449-prezident-yjindilerde-kazakstannyn-ekinshi-bajlygy-zhatyr.html