RU

Ақтөбеде танымайтын еркекпен жыныстық қатынасқа барған үш қызтеке АИТВ жұқтырған

Ақтөбеде танымайтын еркекпен жыныстық қатынаста болған үш қызтеке АИТВ жұқтырған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ғаламтор арқылы танысқан бірнеше ер адаммен төсек қатынасында болған олар сырқатты кімнен жұқтырғандарын білмейді.

Биыл Ақтөбеде АИТВ жұқтырған 28 адам анықталды. Оның 3-еуі ер адам мен ер адамның жыныстық қатынаста болуынан тараған.

«Жыныстық қатынастан ауру жұқтырған 3 ер адам анықталды. Олар өздері кімнен зақымданғанын айтып бере алған жоқ. Ғаламтор арқылы танысқан бірнеше адаммен жыныстық қатынасында болған. Олардың кім екендерін де, телефондарын да мамандарға айта алмай отыр. Әр қалада, әр жерде кездескен адамдармен жақындасқан»,- дейді эпидемиолог-дәрігер Ғалия Қайназарова.

Жұқпалы аурумен зақымданған үш қызтекенің екеуі қазақ, жастары 18-29 жас аралығында.

«Қазір адамдар ауруын ерте анықтауға тырысу керек. Осыдан 10 жыл бұрын осы ауруды жұқтырған адамдар өледі деп ойладық. Ол кезде жағдай басқа болды. Қазір басқа, екі портрет екі түрлі. 1999 жылы мен СПИД орталығына жұмысқа келгенде АИТВ жұқтырған үш адам тіркелді. Үшеуі де нашақор. Жастары орта жастан асып кеткен. Жұмыссыз болды. Қазіргі жұқпалы ауру жұқтырғандарды қарасаңыз дені жастар, қызметі бар, жоғары білімді адамдар. Соңғы кезде осы індетті жұқтырғандар арасында қазақтар көбейіп келеді. Бұрын өзге ұлт өкілдері болатын. Қазір өзіміз бүлініп жатырмыз»,-дейді Ғалия Қайназарова.

Мамандар бұл СПИД орталығына жастардың да келіп, қаралуына болатынын айтады. Жыныстық қатынас дертімен зақымданғандардың дені қазақтың ұл қыздары екенін айтқан мамандар алаңдар отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986568-aqtobede-tanymaytyn-erkekpen-zhynyst.html