RU

Мөлдір Әуелбекова өз тойында күйеуіне арнап ән айтып берді (видео)

12 желтоқсан күні Таразда Мөлдір Әуелбекованың тойы өтті. Той үстінде Мөлдір ғашығы Арыстанға арнап әуелетіп ән шырқады.

Жас әнші Райым Уайыстың Instagram парақшасында жүктеген ән үзіндісін тыңдаған жанкүйерлер Мөлдірдің дауысына тағы бір тамсанып, әні де, көйлегі де керемет екенін жарыса жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, әншіні қуанышымен құттықтауға танымал тележүргізуші Асхат Садырбай, әнші Мейрамбек Беспаев, Райым Уайыс, Меруерт Мүсірәлі, Жанар Айжанова, Ұшқын Жамалбек және тағы да басқа өнер иелері келген болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986658-moldir-auelbekova-oz-toyynda-suyikti.html