RU

Қанат Ислам WBA-дағы ең үздік бес боксшының қатарына енді

Қанат Ислам үздіктер қатарына енді.

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс ассоциациясының (WBA) ТОП-5 рейтингіне енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кәсіби рингте бір рет те тізе бүкпеген спортшы барлығы 19 кездесу өткізген.

 

31 жастағы былғары қолғап шебері WBA тізіміндегі ең үздік бестік қатарына желтоқсаннан бастап көтерілген. Қанат келесі жекпе-жекке қаңтар айында Қытай жерінде шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986671-qanat-islam-wba-daghy-enh-uzdik-bes-boksshyn.html