RU

Отандық сазгер елбасы сыйға тартқан сағатты "тұмар" ретінде үйінің төріне іліп қойды

Президенттің өзі күмбірлеген күйді естіп, ырза болғаны сонша қол сағат сыйлады. Елбасыға арнап тұңғыш рет күй шығарған Шәміл Әбілтаев президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін шығармаларының хитқа айналғанын айтады. Бұл туралы ол NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

«Былтыр Нұрекеңнің (Н.Назарбаев) қабылдауында болып, ол кісіге өзім шығарған «Қазақстан-Нұрсұлтан» күйін шертіп бердім. Сосын елбасы 1973 жылы сөзін жазған «Шұбар ат» деген өлеңіне музыка жазып, оны да домбырамен орындап беріп едім, қатты риза болып швецариялық қол сағат сыйлады. Естелік үшін ішінде елбасының қолы қойылған екен. Алайда бұл сағатты былтыр мен шешпей таққан едім, қазір олай жасамаймын. Мен оны «тұмарым» деп бағалап, үйімнің төріне қойып қойдым. Неге десеңіз осы кездесуден соң отандық телеарналар өздері ұсыныс жасап, 3 шығармама («Қазақстан- Нұрсұлтан» күйі мен «Шұбар ат», «Азаттық асуы» әндері) клип түсірді. Қазір бәрі - хит. Отандық телеарналардан түспейді. Үлкен шаралар болса, арнайы шақырту жіберіп, өзімнің орындап бергенімді сұрайды» дейді ол.

Домбырашы, композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаев бұнымен ғана шектелмей, елбасыға арнап алдағы уақытта бата тілекті өлең жазбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/986848-otandyq-sazger-elbasy-syygha-tartqan-s.html