Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың ең қауіпті жерлері анықталды

Опубликовано:

Қазақстанның Бас прокуратурасы Астананың ең қауіпті жерлерін атады.

Қазақстанда «Қылмыстық карта» интернет-порталы арқылы Астананың ғана емес, кез келген өңірдің қылмыстық ахуалы туралы біліп отыруға болады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Сәуле Айтпаева мәлім етті.

«Қылмыстық картада» қылмыстық ахуалы ушыққан жерлер қызылмен белгіленеді, содан кейін сарғылт, сары және жасыл түстер кетеді. Мәселен, Астананы қарайтын болсақ, қылмысы көп аудан ретінде теміржол вокзалы маңы көрсетілген», - деп атап өтті Айтпаева.

Қазіргі уақыттта аталмыш портал Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің сайтында орналасқан. Жобаны толық іске асыру мақсатында 8 моноқала мен 250 аудандық орталықтар кіргізілмек. Картаға барлық ірі елді мекендер енетін болады.

«Көріп отырғанымыздай осы ауданда ұрлық, тонау, бұзақылық саны көбірек. Әрбір фактіні жеке-жеке талдап қарай аламыз», - деп нақтылады Айтпаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/987003-astananynh-enh-qauipti-zherleri-anyqtal/

pixel