RU

Мереке күндері елімізде жауын-шашын болмайды

«Қазгидромет» 2015 жылғы 15-17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.

Синоптиктердің болжауынша, орталығы Моңғолия арқылы өтетін қуатты антициклонның ықпалымен өткен демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болды.

Соған қарамастан, шеткі оңтүстік аудандарды ескермегенде орташа температура нормадан 3-9 градус жоғары болды. Аталған аймақтарда ауа температурасы әдеттегіден 1-3 градусқа төмен деңгейді көрсетті.

Алдағы күндері антициклонның ықпалы сақталады. Бірақ, Волга маңында түзілген циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа жылжиды деген болжам бар.

Соның әсерімен алдымен республиканың батыс бөлігінде, соңынан жалпы Қазақстан аумағында 16-17 желтоқсанда қалың қар жауып, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндізгі ауа температурасы бұрынғысынша 0 градус шамасында сақталады. Бұл бірнеше жылдар бойы сақталып келген осы кезеңге сай орташа ауа температурасының көпжылғы мәнінен жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/987172-mereke-kunderi-elimizde-zhauyn-shashyn-b.html