RU

Назарбаев үш адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Нұрсұлтан Назарбаев елді экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін үш азаматты Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әміренов Рышат Бабайұлы – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» разрезінің механигі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы;

Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы – «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласы

Князев Борис Павлович – «Алтынсарино» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қамысты ауданы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/987511-nazarbaev-ush-adamgha-qazaqstannynh-enh.html