RU

Өзбекстанда ұлттық дәстүрге сай келмейтін әншілер эфирге жіберілмейтін болды

Өзбекстан үкіметі халықтың «желгі рухани-мәдени құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлеріне сай келмейтін әндер мен клиптерді эфирге жібермеуді талап ететін қаулы жариялады.

Бұл туралы UzDaily.uz хабарлады деп жазады ras.kz.

Құжатта Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы мен электронды бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық ассоциациясына «теле және радиокомпаниялардың көркемдік кеңестерінің жұмыстарына сын көзімен қарау» тапсырылып, «ежелгі рухани-мәдени құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлеріне сай келмейтін, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне кері әсер ететін әндер мен видеоклиптердің эфирге кетіп қалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау» жүктелді.

Қаулыда сондай-ақ ұлттық телерадиокомпания жұмысындағы «эстрадалық нөмірлер орындаушылар мінез-құлықтарының этикалық нормаларға сәйкес келмейтіні, сондай-ақ музыкалық туындылардың көркемдік тұрғыдан нашар орындалатыны» сияқты әртүрлі кемшіліктері атап көрсетілді.

Өзбекстан үкіметі енді республика әртістері дайындаған музыкалық клиптердің, әндер мен эстрадалық нөмірлердің мазмұндарын реттеп отырады, сондай-ақ елде жұмыс жасайтын әртістердің мінез-құлықтарын бақылауына алады.

БАҚ-тарда 2013 жылы қазанда мақта жинау науқанына қатысудан бас тартқан эстрада әншісі Жасур Умировтің жазаға тартылғаны хабарланған болатын.

Әртістердің мінез-құлқы туралы мәселе «Узбекнаво» эстрада-концерт бірлестігінің отырысында қаралды. Онда «лицензия беру кезінде қол қойылған келісім шарттарын орындамаған» әншілерден лицензиялары алынып қойылатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/987787-ozbekstanda-ulttyq-dasturge-say-kelm.html