RU

Назарбаев: Тәуелсіздік – ешқашан, ештеңеге айырбастамайтын мәртебелі құндылық

Бүгін Ақордада елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы мен халықтар арасындағы достық, ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері және қоғамдық қызметтегі елеулі еңбектері үшін бір топ азаматты жоғары наградамен марапаттады.

Салтанатты жиында сөз алған  Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік – ешқашан, ештеңеге айырбастамайтын мәртебелі құндылық екендігін атап өтті.

"Құрметті қазақстандықтар, құрметті қауым, марапат иелері! Алдымен баршаңызды ертеңгі болатын Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл қазақ елінің атының жаһанға жайылып, игілігіміздің бастауы болған мәртебелі мейрам. Бүгін Ақорданың түріне жиналған баршаңыз үшін қуанышты күн, мейірімді сәт. Сіздер осындай айтулы күннің қарсаңында жоғары марапат мәртебесіне ие болайын деп отырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздік деген еш уақытта ештеңеге айырбастамайтын ең жоғары мәртебелі құндылығымыз болып саналады. Біз азаттықтың арқасында ел ретінде еңсе тіктеп, мемлекеттік тұғырымызды бекіттік. Оған бүгінгі марапат иелерінің әрқайсысының қосқан үлесі зор. Сіздер өнегелі істеріңізбен көпке үлгі болып, ел құрметіне бөленіп келесіздер. Өз саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарды ең жоғары наградаларға лайық деп санаймыз. Қазақстан бойынша жүздеген, мыңдаған адам жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Соның ішінде сіздердің еңбектеріңіз өте үлкен, зор. Сіздерге марапат тапсыру арқылы мен бүкіл қазақстандықтарға тапсырдым деп санаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/987885-nazarbaev-tauelsizdik-eshqashan-esht.html