RU

Әнші Ринат Мальцагов әке атанды

Superstar KZ жобасының жұлдызы, әнші Ринат Мальцагов бүгін әке атанды. Әртістің тұңғышы - ұл бала. Қуанышты хабарды естіген Ринаттың әріптестері мен жанкүйерлері әншіні құттықтауға кірісіп кетті.

"Бүгін біздің арыстандар прайды жаңа арыстанмен толықты. Көптен күткен сәбиіміз Ринаттың ұлы бүгін дүние есігін ашты", - деп жазады продюсер Жан Мұқанов.

Жақсы жаңалықтан хабардар әншінің тыңдармандары нәрестенің бауы берік болуын тілеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/988061-anshi-rinat-malcagov-ake-atandy.html