RU

Қытай сотталған журналистер саны жөнінен әлемде бірінші орынға шықты

Қытай сотталған журналистер саны жөнінен әлемде бірінші орында, деп хабарлады «Журналистерді қорғау комитеті» (ЖҚК) халықаралық ұйымы.

«Әлемдегі сотталған журналистердің төрттен бір бөлігі Қытайдың үлесінде, ол осымен екінші жыл қатарынан осындай көрсеткішке қол жеткізіп отыр. 49 журналистің абақтыда отыруы бұл ел үшін рекордтық сан болуда», - делінген сейсенбіде жарияланған ЖҚК баяндамасында.

Бұл ретте Мысырда да журналистерді бас бостандығынан айыру санның артқаны айтылды.

«Мысырдағы сияқты журналистердің жағдайы күрт өзгермеген шығар. Ол бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр. Каирде былтыр 12 журналист бас бостандығынан айырылған болса, биыл оның саны 23-ке жеткен. Жақында - 2012 жылы Мысырда өз жұмысы үшін түрмеге түскен журналистер болмаған еді», - делінген баяндамада.

ЖҚК ақпарынша, Түркияда да журналистердің жағдайы қиындаған.

Хабарда айтылғандай, ТМД елдері арасында 2015 жылы ең көп журналистері сотталған елдер: Әзірбайжан (8 адам), Өзбекстан (4 адам). Ресейде, Қырғызстан мен Түркіменстанда біреуден.

Ал жалпы ЖҚК ақпарынша сотталған журналистер саны 2015 жылы азайған.

« 2015 жылы өздерінің кәсіби қызметтеріне байланысты сотталған журналистер саны 199 адам болған. Ал бір жыл бұрын оның саны 221 болған еді», - делінген баяндамада.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/988529-qytay-sottalghan-zhurnalister-sany-zhon.html