RU

Ғалымдар өмірді қысқартатын мамандықтарды атады

Гуанчжоу университетінің ғалымдары өмірді қысқартатын мамандықтарды анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Тәжірибе 17 жыл қатарынан өткізілді. 140 мыңға жуық адамның мәліметі сарапталды. Ғалымдар көп күйзелтетін мамандықтар инсультті тудыруы мүмкін екенін аңғарды.

Зерттеу көрсеткендей, жұмыстағы күйзеліс салдарынан 22% ер мен 33% әйел инсульттен зардап шегуі мүмкін.

Күйзеліске ұшыратпайтын мамандықтар - аула тазалаушы мен шахтер. Алайда шахтер өзге аурулардан жапа шегуі ықтимал.

Кеңсе қызметкерлері, оның ішіндегі мұғалімдер, инженерлер мен журналистер көп жағдайда денсаулығын қауіпке тігеді. Күйзеліс, тұрақсыз тамақтану, отырып жұмыс істеу - біртіндеп зиянын тигізеді, деп есептейді зерттеушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/988594-ghalymdar-omirdi-qysqartatyn-mamandy.html