RU

ШҚО-да өртеніп жатқан үйден екі інісі мен қарындасын құтқарған 9 жасар бала марапатталды (фото)

Өткен жылдың желтоқсан айында Бозанбай ауылының кішкентай тұрғыны Шыңғыс Естай өртеніп жатқан үйден екі інісі мен қарындасын алып шыққан болатын.

Өз өмірін бәйгеге тігіп, іні-қарындасын аман алып шыққан Шыңғыс ерлігі үшін марапатталды.

Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

2014 жылдың 10 желтоқсаны күні ата-анасы төрт баласын кілттеп, үйге қалдырып кеткен. Өздері дүкенге қарай беттейді. Біршама уақыттан соң, бөлмедегі сым өртеніп, үйді түтін басады. Сол кезде балалардың үлкені, 8 жасар Шыңғыс терезені сындырып, екі інісі мен қарындасын сыртқа алып шыққан. Содан соң, кішкентай Шыңғыс өртеніп жатқан үйден құжаттарды алып, кейін өзі өртті сөндіруге кіріседі. Қуанышқа қарай, осы кезде басқа адамдар да көмекке келіп үлгереді.

Мұны білген ауыл әкімдігі Шыңғысты марапатсыз қалдырмауға уәде берген. Арада бір жыл өткен соң Шыңғысқа "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі табыс етілді.

Бүгінде үйі өртенген отбасы несие алып, үйдің шығынын өтегендерін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/988986-shqo-da-ortenip-zhatqan-uyden-eki-inisi-m.html